«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Шалкар Аскарович Жумаханов Комплаенс дегеніміз не? тақырыбында семинар өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/protivodejstvie-koruptsii.html#sigFreeIdc3784668b2
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Музей-қорықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Асемгуль Орынбеккызы Орынбекованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Катонқарағай ауылының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел парасат жолы орталығында өтті. Іс-шараның соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін арттыру туралы мәселелерді талқылады.
https://berelmuseum.kz/ru/protivodejstvie-koruptsii.html#sigFreeIdb77421af88
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды Ерланова Жанат Ерлановнаға оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2021 жылдың 24 қарашасындағы № № 28-ж/қ бұйрығымен тапсырылған болатын. Комплаенс-қызметкерінің басты мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы» 19.12.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен;) заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.







