Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы Алтай: бұрыны мен бүгіні» атты ғылыми семинар өтті. Мақсаты: археологиялық және этнографиялық экспедициялардың нәтижелерін, сондай-ақ жоба аясында жиналған материалдарды кең ғылыми қауымдастықпен бөлісу болды. “AP23486716 Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары” ғылыми жобасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті. Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Алматы, Түкістан, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты. Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында алынған нәтижелерге негізделіп ұйымдастырылды. Бұл семинар Алтай қазақтарының тарихи және қазіргі таңба-белгілерін пәнаралық негізде зерттеу мәселесіне арналған.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId25668e1fc9
Археологиялық олжалар, тарихи құжаттар мен сирек кездесетін экспонаттар – бәрі де ерекше әсер сыйлайды. Әрбір зал – өз алдына бір дәуір, бір сыр.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdc6da02899a
Қазақ халқының көшпелі өмір салты мен бай мәдениетін танығыңыз келе ме? Ендеше, “Берел”мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келіңіз! “Берел” музей-қорығында киіз үй орнатылды! Бұл — келушілерге қазақтың көшпелі өмір салтын, тұрмысы мен мәдениетін тереңірек таныстыру мақсатында жыл сайын жазғы маусымда жүзеге асырылады. Экспозициялық алаңда киіз үй сізді күтуде. Оның іші ұлттық нақыштағы бұйымдармен, тұрмыстық заттармен және этнографиялық жәдігерлермен жабдықталуда. Бұл — өткен мен бүгінді жалғап тұрған ерекше кеңістік. Киіз үйге кіріп, қазақтың төл мәдениетін тереңірек сезініңіз! Келіңіз, көріңіз, ұлттық мұраны бірге танып-білейік! #БерелМузейі #КиізҮй #ҰлттықМұра #ЭтноКөрме #Берел2025
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdbce03a449c
18 мамыр 2025 жылы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халықаралық музей күнінеарналған арнайы тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – келушілерге Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, археологиялық жәдігерлердің құндылығын көрсету және тарихқа қызығушылығын арттыру болды. Экскурсия барысында келушілер: Берел қорғандарындағы археологиялық қазбалар мен сақ дәуірінің мұраларымен танысты; Ежелгі көшпелілердің өмірі, қару-жарағы мен ат әбзелдерінің ерекшеліктері туралы тың деректер алды; Музей ішіндегі көрме залдарын аралап, жаңа экспонаттарды тамашалады. Халықаралық музей күні – бұл тек бір күндік мереке емес, ол – мәдени мұраға деген құрмет пен жауапкершіліктің көрінісі. “Берел”музей-қорығы – тарихпен байланыс орнататын орын!
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIda84392ada5
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId2eb3a51a1d
“Берел музей-қорығы – тарих пен мәдениеттің қазынасы”! “Қабырға негізгі орта мектебінде” оқушылар үшін ерекше танымдық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы — “Көшпелі тайпалар тарихы”. ⠀ Оқушылар ежелгі сақ дәуірінің мұрасы саналатын Берел қорғандары туралы тың мәліметтермен танысып, музейдің тарихи-мәдени рөлін терең ұғынды. Археологиялық табыстар, көне жәдігерлер – барлығы балалардың қызығушылығын оятты. ⠀ Сабақ барысында оқушыларға материалдар көрсетіліп, тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін де көрсетті. Мақсат – жас ұрпақтың туған жер тарихына деген сүйіспеншілігін ояту. ⠀ #ҚабырғаМектебі #БерелМузейі #ТарихСабағы #Өлкетану #ҰлттықҚұндылық #МәдениМұра
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId9239c9fce6
«Ұлттар бірлігі – татулықтың тірегі» атты фестиваль Катонқарағайда өтті 2025 жылғы 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Катонқарағай аудан орталығында «Ұлттар бірлігі – татулықтың тірегі» атты кең ауқымды мәдени фестиваль ұйымдастырылды. Бұл фестивальға “Берел” музей-қорығының ұжымы да белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты — елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығын, ынтымағын және мәдени алуандығын дәріптеу. Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ұлттық киімдер шеруі, әр халықтың дәстүрлі биі мен әнінен тұратын концерт, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті. Шараға жергілікті тұрғындармен қатар, қонақтар да белсене қатысып, еліміздегі ұлтаралық татулықтың үлгісіне тағы бір мәрте куә болды. Фестиваль халықтың бірлігі мен достығының мерекесіне айналып, қатысушылар арасында жылы әсер қалдырды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақты өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, толеранттылық пен бейбіт өмір сүруге баулиды.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIde6c7acfbc9
2025 жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрел ауылында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында конференция қонақтары – жоғары оқу орындарының ректорлары, профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының ШҚО бойынша кәсіби даму институтының филиалы, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, облыстық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдер – Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы келді. Меймандар музей қызметімен танысып, сақ дәуірінің бірегей мұраларымен, археологиялық жәдігерлермен танысты. Бұл сапар оларға Катонқарағай өңірінің бай тарихы мен мәдени мұрасын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп, конференция мақсаты – экологиялық білім беру мен пәнаралық байланысты нығайту идеясымен үндесті.
12-сәуір — Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні! Бұл мереке 2011 жылдан бастап аталып келеді және еліміздің ғылым саласына үлес қосып жүрген барлық ғалымдар мен зерттеушілерге арналған. Осы күннің мақсаты — ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан адамдарды қолдау, олардың еңбегін мойындау және жастарды ғылымға тарту. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми қызметкерлер күні аясында арнайы отырыс өткізді. Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Жанар Қайратқызы соңғы атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы бойынша «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық зерттеулер, қорғау, 3 D сандау және музейлендіру жобалары» және де ЖТН № BR 22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты жобалар аясында ғылыми басылымдарды дайындау мақсатында археологиялық материалдарды сараптау бойынша бірқатар аналитикалық зерттеулер жүргізілді. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде ЖТН № АР 23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» (Ғылыми жетекшісі: PhD, С.Қ. Самашев) жобасы аясында, күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Алтай қазақтарына тиесілі таңба белгілер мен нышандар салынған ескерткіштер бойынша библиографиялық және мұрағаттық деректерді жинау және талдау жұмыстары жүргізіліп, Алтай қазақтарына тән таңба белгілер мен нышандар салынған ескерткіштер бойынша бастапқы деректер базасы қалыптастырылды. Ғылым – ұлттың дамуы мен өркендеуінің негізі, болашақтың бағыты. Әрбір жасаған зерттеу, ашқан жаңалық, жазған мақала – болашақ ұрпаққа қалдырылған баға жетпес мұра.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdac221dd32d
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. Бұл игі бастама — табиғатты тазартумен шектелмей, әрбір азаматтың ел болашағына және ұрпақ саулығына деген жауапкершілігін көрсететін маңызды шара.
Музей-қорық ұжымы қоршаған ортаның тазалығы — халық денсаулығының кепілі екендігін атап өтті. Табиғатты аялау — өз болашағымызға деген қамқорлық. Бұл акция арқылы ұжым сенбілік жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға және жас ұрпаққа үлгі болуға ниетті.
Экологиялық акция аясында «Берел» музей-қорығының 12 гектар аумағы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, сақ дәуірінен жеткен тарихи-мәдени мұра — «Патшалар жазығы» да назардан тыс қалған жоқ. Бұл қасиетті орын — халқымыздың бай тарихының бір бөлшегі, оны сақтау мен қорғау — біздің басты міндеттеріміздің бірі.
«Біз табиғат аясында өмір сүріп қана қоймай, оның аманатын арқалаған ұрпақпыз. Сондықтан мұндай бастамалар — әр азаматтың азаматтық борышымен тікелей байланысты», — делінген музей ұжымының үндеуінде.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы «Берел» музей-қорық аумағында айына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл табиғатты қорғауға бағытталған игі істің жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Музей өкілдері қоғам болып бірігіп әрекет еткенде ғана Қазақстанның табиғатын шын мәнінде таза әрі көркем етіп сақтай алатынымызға сенім білдіріп, барша жұртты табиғатты бірге аялауға шақырады.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId0d4f5eb177
“КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауданының , Белқарағай ауылында орналасқан “О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінде” тарихи-танымдық сабағын өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId2db7962362
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН “Берел” музей-қорығы Катонқарғай ауылы аумағында экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарын жүргізді. Барша Қазақстандықтарды акцияға қосылуға шақырамыз!
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId3de87be393
17 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері “Наурыз ұлт ұлықтаған ұлы күн” атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара Катонқаағай ауылының “С. Ластаев атындағы орта мектебінің” 6-8 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Оқушылар наурыз мерекесінің тарихымен танысып, асық ату сынды ұлттық ойындар ойнады. Түбі бір түркі жұртының төл мейрамы - Наурыз - ең алдымен қазақтың мәдени мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің жарқын айғағына да айналып отыр.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId9da80f72a8
2025 жылдың 10-14 наурыз аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Зооархеологиялық зертхана меңгеруші Мамбет Шагирбаев “Берел” музей-қорығына іссапармен келіп қайты. Іссапардың басты мақсаты музей-қорықтың археология залына жаңадан құрылып жатқан экспозициясына жылқы қаңқасының зоологиялық қалпын құрап, музей саласына жаңа серпіліс беру болды. Нәтижесінде , археология залында жаңа экспозиция жасақталды. “Берел” музей- қорығының ұжымы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтына алғыс білдіреді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId1afabce704
“КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауданының , Еңбек ауылында орналасқан “С.Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебінде” тарихи-танымдық сабағын өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdb7ac809ab3
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық киімге қатысты берген тапсырмасы бүгінде “Берел” музей-қорығында жүзеге асуда.
“КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Солдатово ауылында орналасқан “Солдатово орта мектебінің” оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId2e8e24b03d
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Солдатово ауылында орналасқан “Солдатово орта мектебінің” оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді.
“КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Өрел орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты жас буын өкілдеріне туған жердің тарихынан мағлұматтар бере отырып, елін , жерін сүюге , патриоттыққа тәрбиелеу.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdef235640f8
Ауған соғысы ардагерімен кездесу Биыл кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл. Осыған орай “Берел” музей-қорығы ауған соғысының ардагері Тиманов Алтынбек Ерембековичпен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу болып табылады. Шараға қатысқан Алтынбек Ерембекович 1967 жылы 1 тамызда дүниеге келген, 1985-1987 жж Ауған соғысына қатысқан. Ардагер, ауғаныстанның Богран ауданында әскери боршын өтеген, Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Қан майдандағы қазақ батырларының ерлігін баяндап, жастарға бейбіт заманның қадірі айтылды. Бүгінде елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгер Тиманов Алтынбек Ерембекович Катонқарағай ауданында жеке кәсіпкер.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIddfe812d8e3
Алтынын судай сапырған, Сақ бабамның мекені… Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Берел қорымының аумағында 2025 жылғы спартакиядасының шаңғымен жүгіру жарысын өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId40df824bb8
“Берел” музей-қорығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты маманы Жумаханов Ш., “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары” тақырыбында қызметкерлерге арналған семинарды сұрақ-жауап әдәсімен өткізді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIda60be16c8b
Интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО Катонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырхановтың туғанына 50 жыл (1975-1994) «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырхановтың туғанына 50 жыл (1975-1994) толуына орай тақырыптық экскурсия жүргізілді. Аталмыш іс-шараға Күршім шекара басқармасына қарасты, «Өрел шекара бөлімшесінің» сарбаздары қатысты. Батырханов Раджан Армиевич – жауынгер-интернационалист, батыр-шекарашы. 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында дүниеге келген, 1994 жылы 28 қыркүйекте Қазақстан-Тәжікстан шекарасында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ТМД шекарасын қорғауда көрсеткен ерлігі мен ерлігі үшін кіші сержант Раджан Батырханов қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeIdedbc5fd95b
“КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Жамбыл орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты жас буын өкілдеріне туған жердің тарихынан мағлұматтар бере отырып, елін , жерін сүюге , патриоттыққа тәрбиелеу.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId2871476777
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Берел орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырлар аралығындағы осы өлке тұрғындарының әлеуметтік-мәдени дамуы мен дүниетанымының қайталанбас ерекшеліктерін археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер көрсетеді.
https://berelmuseum.kz/ru/posetitelyu/meropriyatiya-i-aktsii.html#sigFreeId736b67eb1f
«Жасыл алан-2014»
С 25 по 27 июня на территории заповедника-музей «Берел» прошел ежегодный традиционный экоэтно-туристский слет детских, молодежный групп и формирований Восточного Казахстана «Жасыл алан 2014». Организаторами слёта выступили Катон-Карагайский государственный национальный природный парк совместно с историко-культурным заповедником-музеем «Берел».
В слете приняло участие 8 команд из Восточного Казахстана. Отличительной чертой нынешнего слета стало участие детей с ограниченными возможностями здоровья, а именно – участие воспитанников коррекционной школы-интерната для слабовидящих №1 города Зыряновска.
Целью экологотуристического слета является развитие этого движения в молодежной среде, пропаганда здорового образа жизни, обучение правилам поведения в природной и социальной среде, первичным туристическим навыкам, формирование интереса и уважения к культурному наследию и бережное отношение к окружающей природе.
«Номад» – в Катон-Карагае!
С 1 по 10 августа на территориях Катон-Карагайского национального парка и историко-культурного заповедника-музея прошли съемки первого в Казахстане международного телевизионного проекта «Номад» или «Кочевники».
Для участия в реалити-шоу пригласили по два человека из семи стран: Южная Корея, Япония, Монголия, Китай, Турция, Венгрия и из Алтайского края Российской Федерации, всего шестнадцать человек (включая пару из Казахстана). В течение недели участники шоу вели кочевой образ жизни. По итогам шоу лучшими участниками признали пару из Венгрии.









