Шетелдік туристер «Берел» музей-қорығында
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына әртүрлі елдерден келген шетелдік туристер арнайы саяхаттап келді.
Шетелдік қонақтар Берел қорымындағы көне қорғандарды аралап, археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бірегей жәдігерлермен танысты. Музей-қорық мамандары тарапынан экскурсия жүргізіліп, Берел ескерткіштерінің тарихы, археологиялық зерттелуі және тарихи-мәдени маңызы туралы ақпарат берілді.
Туристер көне мұра нысандарын өз көздерімен көріп, Берелдің бай тарихымен танысып, тарихи орын туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Шетелдік туристердің музей-қорыққа қызығушылық танытуы Берел мұрасының халықаралық деңгейде танымал болып келе жатқанын көрсетеді.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/920-sheteldik-turister-berel-muzej-ory-ynda.html#sigFreeIdfee48f7cce













