Қарттар күні құтты болсын!
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Катонқарағай ауданының тұрғыны Қазтаева Қамбану Қаділбекқызының шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады.
Ақ жаулықты әжеге ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат табыстады.
Қарттарымыз – елдің өткені мен бүгінін жалғаған, кейінгі ұрпаққа өнегесі мол асыл жандар. Олардың өмір жолы мен тағылымды әңгімелері – жас ұрпақ үшін құнды мұра.
Қамбану Қаділбекқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығы мен берекесін тілейміз!
Қариясы бар елдің – қазынасы бар.
View the embedded image gallery online at:
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/914-arttar-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeIdc01b477326
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/914-arttar-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeIdc01b477326













