Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі мәдениет мекемелері мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ғылыми қызметкер Бұлбұл Сиражева Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» жүзеге асырып жатқан «Алтай–Тарбағатай: қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейін» ғылыми жобасы аясындағы далалық зерттеу жұмыстарына қатысты.
Далалық зерттеулерге қатысу мекемеаралық ғылыми ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып, кәсіби тәжірибе алмасуға, археологиялық зерттеулер барысында мамандардың өзара ықпалдастығын арттыруға және мекемелер арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталды.
Жоба жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев.