«Берел» музей-қорығында тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған цифрлық технологиялар енгізілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында цифрлық технологияларды пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Музей-қорық аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келушілер ағынын реттеу және нысандарға кіруді бақылау мақсатында заманауи цифрлық жүйелер енгізілді.
Атап айтқанда, музей аумағына 30-ға жуық бейнебақылау камерасы орнатылып, кіруді бақылау және басқару жүйесі (СКУД) енгізілді. Сонымен қатар заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылып, аумаққа көлік құралдарының кіруін реттейтін электронды шлагбаум іске қосылды.
Цифрлық жүйелерді енгізу музей-қорық аумағының қауіпсіздігін арттыруға, келушілер қозғалысын тиімді бақылауға және тарихи-мәдени мұраны қорғау жұмыстарын заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыстар музей-қорық қызметін жетілдіру және тарихи-мәдени нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жалғасын табады.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/911-berel-muzej-ory-ynda-tarikhi-m-deni-m-rany-or-au-a-ba-yttal-an-tsifrly-tekhnologiyalar-engizilude.html#sigFreeId6abf16406e













