«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Жаңа Конституцияға байланысты түсіндіру және ақпараттық жиналыс өткізілді.
Жиын барысында қызметкерлерге Жаңа Конституцияның маңызы, оның қоғамдық-саяси мәні және ел дамуына әсері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.
Аталған кездесу ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси өзгерістерге қатысты белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.