"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Жанар Қайратқызы Елемесованың «Тарихты сақтаудың уақыты келді» атты мақаласы 2026 жылғы 13 ақпандағы Арайлы Катонқарағай газетінің №7 санында жарияланды.
Мақалада 2024–2025 жылдары Катонқарағай өңірінде жүзеге асқан археологиялық зерттеу жұмыстары, олардың ауқымы мен нәтижелері кеңінен баяндалады. Автор археология саласындағы заманауи технологиялардың мүмкіндіктеріне тоқталып, көне мұраларды ғылыми тұрғыда зерттеу мен сақтау ісінің маңызын нақты деректер арқылы көрсетеді.
Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштердің жай-күйі, оларды есепке алу, қорғау аймақтарын белгілеу және мемлекеттік қорғауға ұсыну мәселелері қозғалады. Мақалада өлкедегі тарихи нысандарды сақтау – тек ғылыми ортаға ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екені айқын айтылады.
БАҚ беттерінде
- Просмотров: 30










