Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Зайсан тарихи-өлкетану музейі" арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған келісім аясында тараптар ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық және көрме жұмыстары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Әсіресе, Шілікті жазығындағы бірегей археологиялық мұраларды зерделеу, насихаттау және көпшілікке таныту бағытында ортақ жұмыстар атқару көзделіп отыр. Меморандум шеңберінде бірлескен көрмелер ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік кездесулер өткізу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ жастар мен оқушыларға арналған танымдық шараларды жүйелі түрде өткізу жоспарлануда. Бұл қадам өңір тарихын терең зерттеуге, мәдени мұраны сақтау мен дәріптеуге тың серпін береді. Аталған әріптестік — Алтай мен Зайсан өңірлерінің тарихи сабақтастығын айқындап, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/639-zara-yntyma-tasty-turaly-memorandum-a-ol-ojyldy.html#sigFreeId233ca9055b









