Шілікті қорғандары бойынша экскурсия жетекшісі мектептерге ұйымдастырылған танымдық сапар аясында оқушыларға Шілікті жазығының «патшалар мекені» ретіндегі тарихи маңызын жан-жақты таныстырды. Музей экспонаттары негізінде сақ дәуірінің мәдениеті мен дүниетанымы туралы кеңінен мәлімет беріліп, ежелгі тарихтың ерекшеліктері түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін нығайту.