"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының саяхат жетекшілері "Аршаты орта мектебі" КММ-нің 5 және 11 сынып оқушыларына «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты тарихи-танымдық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Берел қорғандарының тарихи және мәдени маңызын тереңінен түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың бойында ұлттық мұраға деген құрмет пен тарихи ескерткіштерді қорғау жауапкершілігін қалыптастыру.
Сабақ барысында Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар, сақ дәуірінің жерлеу дәстүрлері, сондай-ақ Алтай өңірінің көне тарихы туралы кеңінен мәлімет берілді. Оқушылар тарихи деректермен танысып қана қоймай, сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды.