"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының саяхат жетекшілері Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданына қарасты Жамбыл орта мектебі КММ-де 7 және 10-сынып оқушыларына арналған "Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы" тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Берел қорғандарының тарихи-мәдени маңызын кеңінен таныстыру, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру және тарихи ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығын ұғындыру.
Танымдық сабақ барысында оқушылар Берел қорғандарының зерттелу тарихы, археологиялық олжалардың құндылығы және олардың әлемдік өркениеттегі орны туралы тың мәліметтер алып, тарихи мұраны сақтау мәселелері төңірегінде ой бөлісті.