Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының саяхат жетекшілері Катонқарағай ауданы, Берел орта мектебі КММ-де 5 және 10-сынып оқушыларына «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – жас ұрпаққа Берел қорғандарының тарихи маңызын таныстырып, туған өлкенің мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру.
Дәріс барысында оқушылар Берел қорғандарының зерттелу тарихы, көшпелі тайпалардың өмір салты мен дүниетанымы жөнінде тың мәліметтер алып, тарихи танымын кеңейтті.
View the embedded image gallery online at:
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/615-berel-or-andary-altajdy-m-gi-m-rasy-ta-yrybynda-tanymdy-d-ris-tkizdi.html#sigFreeId985587c617
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/615-berel-or-andary-altajdy-m-gi-m-rasy-ta-yrybynda-tanymdy-d-ris-tkizdi.html#sigFreeId985587c617









