Мектеп оқушыларына арналған мерекелік әрі танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар Аяз атаға хат жазып, тақпақтар оқыды, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды, таудан сырғанап, ат жеккен шанамен серуендеп, қысқы мерекенің ерекше атмосферасын сезінді. Шара аясында оқушылар музей-қорықты аралап, экскурсия тыңдады. Олар сақтар мен түркілердің бай тарихымен, сондай-ақ «Берел» музей-қорығы аумағында орналасқан бірегей археологиялық қорғандар кешенімен танысты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға, өткенді тануға деген қызығушылықты арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.