Бүгін біздің музейге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің болашақ мамандары қонақта болды. Олар Берел қорғандарының тарихи-мәдени мұраларымен танысып, көне дәуір ескерткіштері мен археологиялық жаңалықтар туралы терең мағлұмат алды. Экскурсия барысында студенттер: • ежелгі сақ мәдениетінің құпияларымен танысты, • көне жәдігерлерді көзбен көріп, сұрақтар қойды, • тарихты жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Кездесуден естелік суреттер мен жағымды әсерлер көп! Берел – тарихпен тілдесетін мекен! #БерелМузейі #СәрсенАманжоловУниверситеті #ТарихиМұра #ЖастарЖолымен #Берел2025
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/416-s-rsen-amanzholov-atynda-y-sh-u-studentteri-berel-muzej-ory-ynda.html#sigFreeIdb6d3baaa92








