Бұл күн – түрлі салада еңбек етіп жүрген жандардың қоғамға қосқан үлесін бағалайтын ерекше мереке.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы барша еңбеккерлерді мерекемен құттықтайды!
Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін Алтай қаласының оқушылары тамашалады. Бұл көрмеде:
- көне дәуірдегі еңбек құралдары,
- тұрмыстық бұйымдар,
- қолөнер туындылары мен шеберлердің еңбегін айшықтайтын жәдігерлер қойылды.
Көрменің мақсаты – еңбектің қадірін ұғындыру, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениетін көрсету. Сонымен қатар, келушілер үшін «Қазақтың дәстүрлі еңбектері» тақырыбында арнайы экскурсия өткізіліп, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениеті, қолөнер дәстүрі мен шаруашылықтағы ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.
Еңбек – елді алға жетелейтін құндылық.
Баршаңызды «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Еңбегіміз ел игілігіне жарап, берекеміз арта берсін!
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/400-e-bek-k-ni-el-birligini-rbir-azamatty-adal-e-begini-merekesi.html#sigFreeIdbc70b509db








