Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Жәния Меирқызы Сегізбаева қатысып жатыр. Семинар барысында мамандар веб-порталға экспонаттарды енгізу, мәліметтерді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сапалы толтыру бойынша тәжірибе алмасады. Бұл қадам Берел қорығында сақталған бірегей жәдігерлерді халықаралық деңгейде таныстыруға және мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Семинарлар 15-19 қыркүйек және 22-26 қыркүйек аралығында өтуде. Берел қазыналары енді әлемдік қауымдастыққа қолжетімді бола түспек!