«Киелі Шығыс» оқу-танымдық туры аясында 7–8 сынып оқушылары “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді! Балалар көне сақ қорғандарымен, ата-баба мұрасымен, археологиялық жаңалықтармен танысып, тарихтың тереңіне үңілді. Музей қызметкерлері қызықты экскурсия өткізіп, жәдігерлердің тарихы мен мән-маңызын түсіндірді. Оқу-танымдық бағыттағы бұл сапар — өскелең ұрпақтың туған жердің тарихын танып, ұлттық құндылықтарды бағалауына үлкен мүмкіндік! Жас зерттеушілерге әсерлі сәттер мен ұмытылмас естеліктер тілейміз! #Берел #КиеліШығыс #ShygysDaryny #Дарын #музейсаяхаты #тарих #ұлттықмұра #Берелмузейі
https://berelmuseum.kz/kz/a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar-ory/392-berelge-sayakhat-asietti-shy-ysty-izimen.html#sigFreeIdde95041574








