Белгілі реставратор, мәдени мұра жанашыры Крым Алтынбеков мырза халқымыздың өткенінен сыр шертетін жаңа жәдігерлерді ресми түрде табыстады! Бұл жәдігерлер – тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың рухани, мәдени байлығының айғағы. Әрбір деталі — ғасырлар қойнауынан жеткен үн, ұлттық кодымыздың бір бөлшегі. Жәдігерлер жақын күндері көпшілік назарына ұсынылады. Бұл – тарихқа деген құрметіміздің, келешекке деген жауапкершілігіміздің жарқын көрінісі. Крым Алтынбековке осындай баға жетпес еңбегі үшін алғысымыз шексіз! #МәдениМұра #КрымАлтынбеков #ЖаңаЖәдігерлер #ҰлттықҚазына #БерелМұрасы