Бүгін наурызнаманың 7-ші күні, яғни Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт түрлері жай жарыс емес, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен құндылықтарын бейнелейтін мәдени мұраның маңызды бөлігі. “Берел” музей-қорығында ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттау мақсатында қызметкерлер арасында Ұлы дала тарихынан белгілі асық ату ойны ұйымдастырылды. Осылайша, бүгін спорттық дәстүрлер мен дала халықтарының бай мұрасы қызметкерлерді біріктірді.