Еңбек адамдары марапатталды
Қазақстанда қыркүйек айының үшінші жексенбісі — Еңбек күні ретінде аталып өтеді.
Осыған орай «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында еңбегімен ерекшеленіп жүрген қызметкерлер марапатталды.
Еңбек — ел дамуының негізі. Еңбегімен музейдің тұрақты жұмысына үлес қосып жүрген әр қызметкердің еңбегі құрметке лайық.
Барша еңбек адамдарына мықты денсаулық, отбасына амандық және еңбектеріне табыс тілейміз!