27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні. Туризм – тарихи-мәдени мұраны сақтау, табиғи нысандарды таныту және өңірлердің туристік әлеуетін дамытуға ықпал ететін маңызды сала. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Алтай өңірінің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсетіп келеді. Осыған орай туризм саласының мамандарын, музей қызметкерлерін, гид-қызметтерін, саяхатшылар мен салаға үлес қосып жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Туризм саласының дамуына бағытталған еңбектеріңізге табыс тілейміз!