Жас қонақтар музей экспозицияларымен танысып, Берел қорғандарынан табылған тарихи жәдігерлерді тамашалады. Экскурсия барысында сақ дәуірінің тарихы мен мәдениеті туралы құнды мәліметтер алды. Тарихты танып, өткенді құрметтеу – өскелең ұрпақтың рухани қалыптасуындағы маңызды қадам.