Бүгін Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына 90 жастағы әжеміз немере-шөберелерімен бірге арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысып, тарихымызды тамашалады. Ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін осындай сәттер біз үшін ерекше маңызды. Тарихты бірге танып, өткенді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – отбасыдан басталады. Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа береке, бірлік, амандық тілейміз!