' 11.09.2026 Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Қазақстанның әр өңірінен келген қолөнер шеберлері арнайы сапармен келді. Зергерлік, ұсталық, тері және ағаш өңдеу өнерінің шеберлері музей экспозицияларын тамашалап, Берел қорғандарынан табылған тарихи жәдігерлермен танысты. Қонақтарға музей экскурсоводы тарапынан Берел ескерткіштерінің тарихы мен археологиялық олжалары туралы танымдық экскурсия жүргізілді.