Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Заман-ай» тақырыбында кітап көрмесі және дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Семей полигонының тарихы, ядролық сынақтардың зардаптары және полигонның жабылуының тарихи маңызы туралы сөз қозғалды. Кітап көрмесіне тақырыпқа арналған тарихи-танымдық әдебиеттер қойылып, қатысушылар бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлемнің маңызын талқылады.
29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.