«Берел» музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша отырыс өтті
2026 жылғы 31 тамызда «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің отырысы өткізілді.
Отырыстың негізгі тақырыбы – «Мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібі».
Кездесу барысында мүдделер қақтығысының түсінігі мен негізгі түрлері, оның алдын алу шаралары, туындаған жағдайда қызметкердің әрекеті және реттеу тәртібі талқыланды.
Комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы Ж.Қ. Елемесова баяндама жасап, жеке мүдде мен қызметтік міндеттер арасында қайшылық туындаған жағдайда белгіленген тәртіппен тікелей басшыға және Комплаенс қызметіне уақытылы хабарлаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, кадрлық мәселелер, мемлекеттік сатып алу, мердігерлермен және жеткізушілермен жұмыс, материалдық құндылықтарды пайдалану және қызметтік ақпаратты қолдану кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шара соңында қызметкерлерге заңдылық, адалдық, ашықтық және объективтілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/873-m-ddeler-a-ty-ysyn-boldyrmau-zh-ne-retteu-t-rtibi.html#sigFreeIde83b1e2f05













