Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – археология, тарих, этнология және музей ісі салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, тәжірибе алмасу, мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағытындағы өзара байланысты нығайту.
Ынтымақтастық аясында ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, археологиялық зерттеулер жүргізу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, сондай-ақ музей қызметкерлері мен ғылыми мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау көзделіп отыр.
Бұл меморандум ғылым мен музей ісінің өзара ықпалдастығын арттырып, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және кеңінен дәріптеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/822-yntyma-tasty-memorandumyna-ol-ojyldy.html#sigFreeIdeeeb48c4a6











