Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында келушілерге қолайлы әрі сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Тарихи нысан аумағында туристердің еркін бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорықтың картасы бейнеленген ақпараттық баннер орнатылып, қосымша бағыттаушы жол нұсқағыштар қойылды.
Аталған жұмыстар келушілердің тарихи-мәдени ескерткіштерге оңай жетуіне, экскурсиялық бағыттарды тиімді жоспарлауына және музей-қорық аумағында жайлы саяхат жасауына мүмкіндік береді.
Берел музей-қорығы алдағы уақытта да туристік инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру және тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/805-berel-muzej-ory-ynda-turister-shin-olajly-zha-dajlar-zhasaluda.html#sigFreeId1a30cb812f











