6 шілде – Астана күніне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында келушілер назарына «Асқақтаған Астана» атты кітап көрмесі ұсынылуда.
Көрмеге музей қорының кітапханасындағы елордамыздың қалыптасу тарихы, сәулет өнері, мәдениеті және тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы айрықша орны туралы кітаптар мен басылымдар қойылған.
Көрме келушілерді Астананың өткені мен бүгініне саяхат жасап, еліміздің бас қаласы туралы танымдық мәліметтермен танысуға шақырады.
View the embedded image gallery online at:
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/801-as-a-ta-an-astana-kitap-k-rmesi-berel-muzej-ory-ynda-ashyldy.html#sigFreeId8617ea4ab7
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/801-as-a-ta-an-astana-kitap-k-rmesi-berel-muzej-ory-ynda-ashyldy.html#sigFreeId8617ea4ab7











