«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының өкілдері Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы іссапармен келіп, музей-қорықтың қызметімен жан-жақты танысты. Қонақтарға Берел қорымдарына экскурсия ұйымдастырылып, бірегей археологиялық мұралар, сақ дәуірінің тарихы мен өңірдің мәдени құндылықтары таныстырылды.
Айта кетейік, биыл Катонқарағай ауданындағы Берел және Коробиха ауылдары еліміздегі үздік туристік бес ауылдың қатарына енді. Осыған орай алдағы уақытта аталған ауылдардың тарихи-мәдени мұрасы, табиғи ерекшелігі мен туристік әлеуетін кеңінен насихаттайтын арнайы журнал жарық көрмек. Бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, ұлттық мұраны халықаралық деңгейде танытуға өз үлесін қоспақ.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/799-turizmdi-damytu-kazakh-tourism-kilderi-berel-muzej-ory-yna-bardy.html#sigFreeId010650596c











