Әлемдік кәсіпқой бокс чемпионы Жәнібек Әлімханұлы «Берел» музей-қорығында болды
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына әлемге әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы арнайы ат басын бұрды.
Сапар барысында даңқты спортшы музей залдарының экспозициясымен, Берел жазығындағы қорғандардан табылған сақ дәуірінің бірегей жәдігерлерімен, ат әбзелдерімен және алтын бұйымдармен танысты. Экскурсия мәртебелі қонаққа осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген көшпенділердің тарихы мен бай мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік берді.
Жәнібек Әлімханұлы көрген жәдігерлерге шынайы таңданысын жасырмай, кешеннің тарихи маңыздылығы мен мұраның сақталу деңгейін жоғары бағалады.
«Барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл – біздің қастерлі тарихымыз, мұны білу және мақтан тұту – бәріміздің міндетіміз», — деп бөлісті чемпион өз әсерімен.
Музей-қорық әкімшілігі Жәнібек Әлімханұлына арнайы келгені үшін алғыс білдіріп, спорттағы жаңа белестерді бағындыруға тілектестігін жеткізді. Осындай тұлғалардың келуі отандық тарихи-мәдени мұраны жастар арасында дәріптеуге зор үлес қосары сөзсіз.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/782-lemdik-k-sip-oj-boks-chempiony-zh-nibek-limkhan-ly-berel-muzej-ory-ynda-boldy.html#sigFreeId063b892a2a











