Музейде қызметтік әдеп, еңбек тәртібі, субординация талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыру мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Жиында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарының талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, ішкі еңбек тәртібін сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, музей құндылықтарына ұқыпты қарау және мекеменің іскерлік беделін қорғаудың маңыздылығы айтылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қызметтік әдеп нормаларын сақтау, комплаенс талаптарын орындау, еңбек тәртібін нығайту және мәдени құндылықтарды қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.