«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері 2026 жылдың 12-17 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған ЖТН № AP23486716 ғылыми жобасы аясында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты Алтай аймағына барды. Сапар барысында Тәңірқақпа үңгірі қорық-музейі (通天洞遗址), Үрімжі қаласындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мемлекеттік музейі (新疆维吾尔自治区博物馆), Алтай музейі (阿勒泰博物馆, яғни: Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай аймақтық музейі)материалдары қарастырылды. Жинақталған материалдар негізінде ғылыми мақала әзірлеп, ағымдағы жылы ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынатын ғылыми басылымда жариялау жоспарланып отыр.