9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Берел ауылының тыл ардагері, 90 жастағы Қайынжамал Кітапбаева апамызды арнайы құттықтады. Музей ұжымы ардагерге ізгі тілектерін білдіріп, құрмет көрсетіп, ұжым атынан шағын сый-сияпат табыстады. Ардагер апамыз ел үшін еңбек еткен жылдарын еске алып, ақ батасын берді.