7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына әскери бөлім сарбаздары келіп, музей залдарымен танысты. Сарбаздарға тарихи жәдігерлер таныстырылып, танымдық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында ата-бабаларымыздың ерлік жолы, ұлттық тарихымыз бен мәдени мұрамыз жайлы кеңінен ақпарат беріліп, жас сарбаздардың патриоттық рухын көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар музей ұжымы сарбаздарды мерекемен құттықтап, Отан алдындағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға ықпал етеді.