КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Музей-қорық ұжымында «Мәдениет саласындағы ұйымдарда адалдық мәдениетін қалыптастыру: қызметкерлердің этикасы және корпоративтік құндылықтар» тақырыбында баяндама тыңдалды.
Баяндама барысында:
- қызметкерлердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау маңыздылығы;
- корпоративтік құндылықтардың ұйым қызметіндегі рөлі;
- адалдық мәдениетін қалыптастыру жолдары (этикалық кодекс, жүйелі оқыту, ашықтық);
- адалдықтың ұйым беделі мен қоғам сеніміне әсері кеңінен қарастырылды.
Қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тақырып жан-жақты талқыланды.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:
- Баяндама назарға алынды;
- Адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту;
- Қызметкерлердің әдеп кодексін сақтауын тұрақты бақылау;
- Түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру.
Адалдық – ұйымның тұрақты дамуы мен қоғам сенімінің басты кепілі!









