Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкелері С. Самашев пен Б. Сиражева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері" атты республикалық форумға қатысты.
Форум барысында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, археологиялық қызметті дамыту және заңнамалық өзгерістерді тиімді іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жаңа институционалдық құрылым, археологиялық қазбалар мен табылған материалдарды сақтау, сондай-ақ жаңартылған заңнама аясындағы мемлекеттік реттеу тетіктері қарастырылды.
Іс-шара қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Мұндай кәсіби кездесулер музей ісінің дамуына серпін беріп, мамандардың біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік береді.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/709-tarikhi-m-deni-m-ra-ob-ektilerin-or-au-salasynda-y-za-namaly-zgerister-zh-ne-olardy-iske-asyru-m-seleleri.html#sigFreeIddc07ab4e34









