Шілікті қорғандары бойынша экскурсия жетекшісі Қарабұлақ ауылы, Абай атындағы орта мектеп оқушыларын "Шілікті жазығы - патшалар мекені" атты көшпелі көрмемен таныстырды. Көрме барысында оқушылар Шілікті жазығынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлермен танысып, сақ дәуірінің тарихы, жерлеу дәстүрлері және ежелгі көшпелілер мәдениеті туралы құнды мәліметтер алды. Танымдық шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
View the embedded image gallery online at:
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/706-shilikti-zh-digerleri-zhas-rpa-a-tarikhi-ta-ylym.html#sigFreeIde378e4188f
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/706-shilikti-zh-digerleri-zhas-rpa-a-tarikhi-ta-ylym.html#sigFreeIde378e4188f









