Берел музей-қорығының экскурсия жетекшісі Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылындағы Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебінің 5-7 сынып оқушыларына арналған "Жас археолог және экскурсия жүргізуші мектебі" атты тарихи-танымдық практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар археология ғылымының қыр-сырымен танысып, қазба жұмыстарының әдіс-тәсілдері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, экскурсия жүргізудің негізгі қағидаларын меңгеріп, өздері шағын экскурсия жүргізіп көру арқылы тәжірибе жинақтады. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраларды құрметтеуге баулу және болашақ мамандыққа деген бағыт-бағдар беру болды.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/702-berel-muzej-ory-yny-ekskursiya-zhetekshisi-katon-ara-aj-audany-shy-ystaj-auylynda-y-bdikerim-atynda-y-shy-ystaj-orta-mektebini-5-7-synyp-o-ushylaryna-arnal-an-zhas-arkheolog-zh-ne-ekskursiya-zh-rgizushi-mektebi-atty-tarikhi-tanymdy-praktikaly-saba-tkizdi.html#sigFreeId32cd582cbc









