Туристік әлеуетті дамыту және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Берел» музей-қорығына баратын жол бойында ақпараттық жол нұсқағыштары орнатылды. Бұл бастама кедергісіз навигацияны қамтамасыз етуге және өңір қонақтары үшін мәдени нысанның қолжетімділігін арттыруға бағытталған.









