18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау және тарихи орындар күні аясында Республикалық маңызы бар Берел қорғандары мен Шілікті қорғандары аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тарихтың терең қатпарынан сыр шертетін қасиетті қорғандар маңы мұқият тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл шара – ұлт мұрасын қастерлеу, көнеден жеткен құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау жолындағы тағылымды іс.
Ата-бабадан аманат болып жеткен киелі орындарға жанашырлықпен қарау – әрбір ұрпақтың парызы. Осындай игі бастамалар арқылы тарихи жадымыз жаңғырып, мәдени мұрамыздың мәңгілік өмір сүруіне негіз қаланады.