Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі туристік маусымға дайындық жұмыстарын жүргізді. Музей аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңа техникалар іске қосылды. Атап айтқанда, электрокарлар, квадрациклдер және ақпараттық киоскілер пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, биылғы туристік маусымда келушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында палаткалы қалашық жасақталып, музейдің материалдық-техникалық базасы электрокар, квадрацикл сынды заманауи құралдармен толықтырылды. Бұл шаралар туристер үшін қолайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға бағытталған.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/694-zhaz-y-mausym-a-dajyndy-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeIdc3c3ac6497









