Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорында сақталған әрбір жәдігер – өткеннің үнсіз куәгері, тарихтың тірі ізі. Солардың бірі – қайың ағашынан жасалған көне шелек.

Бұл бұйым – халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылған, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болған қарапайым әрі маңызды зат. Қайың ағашының табиғи қасиеті – беріктігі мен төзімділігі бұл шелектің ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік берген.

Аталған жәдігер Катонқарағай ауданының тұрғыны, өлке жанашыры Федор Қалымұлы Тумарбаевтың жеке коллекциясынан алынған. Ол өз қолындағы құнды дүниелерді болашақ ұрпаққа аманат ету мақсатында музей қорына сыйға тартқан.

Бүгінде бұл шелек – тек тұрмыстық зат қана емес, өткен дәуірдің тынысын сездіретін, ата-бабаларымыздың табиғатпен үйлесімді өмір сүргенінің айғағы болып табылады.