Шілікті қорғандары бойынша экскурсия жетекшісі Тасбастау ауылының оқушыларына Шілікті жазығының тарихи-мәдени мұрасын таныстыру мақсатында музей экспозициясына арнайы экскурсия өткізді. Экскурсия барысында оқушылар Шілікті жазығынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлермен танысып, сақ дәуірінің тарихы, жерлеу дәстүрлері және ежелгі көшпелілер мәдениеті туралы құнды мәліметтер алды. Танымдық шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.