Бүгін «Отырар» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрме аясында Берел қорымынан әкелінген бірегей экспонаттар көпшілік назарына ұсынылып, ежелгі көшпелілер мәдениеті мен тарихи мұрасы таныстырылды.

Іс-шараға Отырар ауданы әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, музей қызметкерлері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Ашылу барысында көрменің тарихи-танымдық маңызы атап өтіліп, ұлттық мұраны насихаттаудың мәні кеңінен айтылды.

Шара соңында музей аумағында көшет отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, қатысушылар табиғатты аялау мен келер ұрпаққа жасыл мұра қалдыру дәстүрін жалғастырды.

Көрме келушілерге Берел мәдениетінің бай мұрасымен танысып, мыңжылдық тарихқа терең бойлауға мүмкіндік береді.