Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған түрлі мазмұнды іс-шаралар өтті.
14 наурыз - Көрісу күні (Амал мерекесі)
«Көрісу - ынтымақ пен берекенің бастауы» атты іс-шара аясында амал мерекесіне арналған көрісу дәстүрі көрсетілді.
15 наурыз - Қайырымдылық күні
«Қайырымдылық пен мейірімділік - асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
«Ашамайға отырғызу – салтыммен салтанатым» атты дәстүрлік көрініс ұсынылды.
17 наурыз - Шаңырақ күні
«Өнегелі отбасы» тақырыбында өнерлі отбасымен кездесу өтті
18 наурыз - Ұлттық киім күні
«Ұлттық киім - ұрпаққа аманат» атты ұлттық киімге арналған іс-шара ұйымдастырылды.
19 наурыз - Жаңару күні
«Жаңару күні» аясында гүл мен көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
20 наурыз - Ұлттық спорт күні
«Шынықсаң - шымыр боласың» тақырыбында ұлттық ойындар (асық ату, садақ ату) өткізілді.
21 наурыз - Ынтымақ күні
«Ынтымақ - ел негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті.
22 наурыз - Жыл басы
«Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
23 наурыз - Тазару күні
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық – табиғатқа берген сый» атты тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
https://berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/647-berel-memlekettik-tarikhi-m-deni-muzej-ory-ynda-nauryznama-onk-ndigi-ayasynda-tkizilgen-is-sharalar.html#sigFreeId1ca3682777









