«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста комплаенс қызметінің жауапты өкілі Ж. Елемесова «Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдардың маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарына сәйкес антикоррупциялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, ақпараттық материалдардың қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудағы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жолдары мен жауапкершілік шаралары жөніндегі ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңартып отыру қажеттілігі айтылды.