«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Катонқарағай және Ұлан аудандары аумағында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Экспедициялық зерттеулер барысында дәстүрлі мал таңбалау жүйесіне қатысты этнографиялық материалдарды жинау және тіркеу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Зерттеу жүргізілген аудандардағы шаруа қожалықтарына тиесілі малдардан этнографиялық кезеңге тән «Жебе», «Сере», «Қазан», «Ай», «Жұлдыз» және т.б. таңбалардың әртүрлі үлгілері тіркелді.
Мал таңбалаудың қазіргі тәжірибесін зерттеумен қатар, далалық жұмыстар барысында ерте тарихи кезеңдерге жататын, бұрын белгісіз болған таңба-белгілер де анықталуда. Жинақталған материалдар Алтай қазақтарының белгі-таңба жүйесін зерттеудің деректік қорын толықтыруға, оның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін және тарихи сабақтастығын зерделеуге, сондай-ақ тарихи таңба үлгілерін этнографиялық ортада сақталған дәстүрлермен салыстыра қарастыруға мүмкіндік береді.
Қаржыландыру көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024–2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы, ЖТН
AP23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» жобасы.
Жоба жетекшісі: PhD докторы С.Қ. Самашев.
https://berelmuseum.kz/kz/ylym/o-i-alar-k-ntizbesi/858-2026-zhyl-y-dalaly-zertteu-zh-mystary.html#sigFreeId4b12bf0d15











