Іссапар Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты Алтай аймағында жүргізілді. Бұл өңір тарихи-географиялық тұрғыдан қазақ халқының дәстүрлі қоныстану аумақтарының бірі саналады. Әкімшілік орталығы – Алтай қаласы. Аймақ құрамына Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей аудандары және Алтай қаласы кіреді. Қазақтар өңір халқының 52,76 %-ын құрайды [Shen et al., 2024 – Shen R., Jiang S., Cheng R., Zhuge J., Li X., Yao H., Zhang M. Kazakh adults in Xinjiang have a prevalent obesity problem but a low prevalence of diabetes. BMC Public Health. 2024. Vol. 24(1). P. 689. DOI: https://doi.org/10.1186/s12889-024-18228-z].
Іссапардың мақсаты – Алтай қазақтарының тарихи-мәдени мұрасын, дәстүрлі таңба жүйесін, этнографиялық ерекшеліктері мен материалдық мәдениетін зерттеу. Далалық жұмыстар барысында фотофиксация, сұхбат алу, графикалық тіркеу және салыстырмалы талдау әдістері қолданылып, дәстүрлі шаруашылық пен таңба қолдану тәжірибесіне қатысты материалдар жинақталды.
Зерттеу аясында Тәңірқақпа үңгірі қорық-музейі (通天洞遗址), Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының мемлекеттік музейі (新疆维吾尔自治区博物馆) және Алтай музейі (阿勒泰博物馆) қорларындағы тақырыпқа қатысты археологиялық және этнографиялық материалдар қарастырылды. Жинақталған деректер қазақтардың таңба мәдениеті мен көшпелі қоғамдағы белгілер жүйесін одан әрі зерттеуге деректік негіз болады.
https://berelmuseum.kz/kz/ylym/o-i-alar-k-ntizbesi/855-ytaj-a-issapar.html#sigFreeId2f3cb97503











